Текст
14.10.2026
Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 2–4 сынып оқушыларының қатысуымен «Оқырман марафоны» өтті.
Іс-шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге және оқырмандық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталды. Балалар өздерінің оқу дағдыларын көрсетіп, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін және жаңа білімге деген құштарлықтарын таныта білді.