Текст
06.10.2026
Мектепте Дүниежүзілік психологиялық денсаулық күні аясында "Буллингтен қорған" психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушылар қайырымды қарым-қатынас пен өзара сыйластықтың маңыздылығы туралы әңгімелесті, өз эмоцияларын тануға және дұрыс білдіруге, жанжалдарды шешудің сындарлы тәсілдерін табуға үйренді. Сондай-ақ, балалар өмірлік жағдайларды талдап, буллингке қалай қарсы тұру керектігін және қайдан көмек сұрау керектігін талқылады.