Текст
28.09.2026
21 қыркүйекте мектепте оқушылардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауын қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттары өткізілді.
1–4 сынып оқушылары үшін «Зиянды әдеттер – менің серігім емес!», 5–7 сыныптарда «Зиянды әдеттер: біл және таңда!», ал 8–11 сынып оқушылары үшін темекі шегудің, алкоголь мен есірткі заттарын қолданудың алдын алуға арналған «Төменге жетелейтін баспалдақтар...» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттары барысында оқушылар зиянды әдеттердің салдарын, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын және дұрыс әрі қауіпсіз таңдау жасай білуді талқылады.